«Ханзада мен Ханшайым» сайысы
2024 жылдың 18 желтоқсан күні гимназияда 7-8 сыныптар аралығында «Ханшайым мен Ханзада» сайысы өткізілді. Бұл сайыс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, ұлттық мәдениетімізді насихаттауға және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған ерекше шара болды. Сайысқа әр сыныптан бір жұп қатысып, олар түрлі кезеңдерден өтіп, өз өнерлерін ортаға салды. Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, ұлттық киімдерде сахнаға шығып, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын