Коммунальное
государственное учреждение
"Гимназия №25"
Управления образования города Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 267-43-43
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 267-45-95
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
22
январь
2025

Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығы

Бүгін Орталық қалалық Чехов атындағы кітапханада 8 "А" сынып оқушыларының қатысуымен ерекше маңызы бар іс-шара өтті. Бұл кездесу белгілі қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына арналған. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жазушының шығармашылығын таныстыру, оның ұлттық әдебиетке қосқан үлесін түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында сөз алған Рысбала Рысбекқызы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ілияс Есенберлиннің шығармашылық жолына, оның қазақ әдебиетіне енгізген жаңашыл идеяларына тоқталды. Ол жазушының тарихи романдары арқылы ұлттық тарихымызды жастар арасында насихаттау және патриоттық сезімді оятудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Рысбала Рысбекқызы Есенберлин шығармаларының өзектілігі мен олардың қазіргі ұрпақ үшін маңыздылығына ерекше назар аударды.