Ата-аналар назарына‼️! » КГУ «Гимназия №25 имени И. Есенберлина» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Гимназия №25"
Управления образования города Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 267-43-43
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 267-45-95
Версия
для слабовидящих
26
март
2021

Ата-аналар назарына‼️!


Ата-аналар назарына‼️!


️ Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. 

  • Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 

6 жасқа толатын балалар қабылданады. 

️ Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар. 

Гимназияға құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Bilimalmaty.kzпорталы арқылы жіберіледі. 

️ Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады. 

️ Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс   құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ:

  • Ата-аналар электронды форматта өтініш
  •  туу туралы куәлік көшірмесі
  •  баланың денсаулығы паспорты
  •  денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысанындағы анықтама 
  •  2 фотосурет тапсырады.